- Негізгі бет
- Мәдениет
- БҰҰ Қазақстанның бастамасымен...
БҰҰ Қазақстанның бастамасымен Бүкіләлемдік шахмат күнін белгіледі
Фото:
Valopolis
Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы 20 шілдені Бүкіләлемдік шахмат күні деп белгіледі. Бұл бастаманы Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан секілді бірқатар елдер көтерген болатын.
Жаңа резолюцияның авторлары бүкіл әлем халқы шахмат ойнайтынын айтқан. Оның үстіне бұл ойын әділ болуға, өзара сыйласуға үйретеді.
Шахмат ең ежелгі интеллектуалды ойын саналады. Бұл ойында спорттың да ғылыми ойдың да, мәдениеттің де элементтері бар.