Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жаппай халық арасында әсіресе жастар арасында үлкен талқылауға түсті. Жалпы жоғары оқу орындары, мектептер, мемлекеттік мекемелер барлық жерде концерефнциялар мен форумдар өтті. Кездесулер мен үлкен тұлғалар арасында дискурс және талдау жүрді.
Елбасының осы уақытқа дейін жолдаған жолдауларынан бұл мақаланың ерекшелігі қандай?
Басты себеп, сандық Қазақстанды құру. Соның жолында жаппай қызмет жасау. Себебі біз жастар ел ішінде жүріп қана көптеген жаһандық жаңғыруларға мән бермеуіміз мүмкін. Мәселен білеріміз тек IТ cаласының беті ғана одан қала берді қолымыздағы смарфондар. Ал әлем жаһандық дамуды бастап кеткелі қашан. Бір сөзбен айтқан кезде бұл мақаланың басты ерекшелігі жастарға үндеу, оларды ояту, олардың білімді ғана емес тәжірибелі болу керектігін алға тарту.
Еліміздегі түрлі руға бөліну, іштей жікке бөлшектенудің алдын алып, әр нәрсеге сауатты түрде қарау керектігін көрсету. Мақаланы бір көзбен ғана оқып шығу оның мәніне жеткендікті көрсетпейді. Себебі мақалы әлемдік саяси-экономикалық дамуды көздей отырып, соның ағымына ілесуде көздеу мақсатында, атқарылу керек жұмыстарды бастау керектігін үндейді.
Мақаланы қарап отырсаңыз бір бағытта ғана жазылмаған. Әрбір тақырып, тақырыпша, мәселе, шешім бәрі бар. Бұл сізге беріліп тұрған математикалық бірлік емес. Шешімі бар, тек әрекет ету керек үлкен еңбек.
Болашақты жаңғырту үшін руханият пен мәдениет, экономикалық сауаттылық пен білім және сандық сана керек.