Құрметті оқырман! Massaget.kz порталында Біліп жүріңіз бағдарламасының жаңа саны жарық көрді. Көрермен назарына ұсынылатын бүгінгі тақырып: телефонмен сөйлесу этикеті. Қоңырау шалу кезінде сақталуға міндетті кей ережелер бар. Бұл ескертпелерді орындау адам мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетеді. Бүгінгі бағдарламада осы тақырыпқа байланысты 5 сұрақ дайындадық. Қай уақыт аралығында телефон шалуға болады? Қандай қоңырау әуенін таңдаған жөн? Телефонға қаншалықты жылдам жауап беру керек? Телефонмен сөйлесуді кім аяқтау керек? Байланыс үзіліп кетсе, кім қайтадан телефон соғу керек? Бұл сұрақтарға бағдарлама тізгіншісі Аслан Қажиев жауап береді. Біліп жүріңіз, арнамызға жиі кіріп жүріңіз!