Белгілі қазақ журналисі Арнольд Шварцнеггердің шәкірті болғанын айтты

Қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист әрі актриса Гүлмира Дайрабай Калифорния штаты, Лос Анджелесте "Мемлекеттік басқару" факультетінде докторантура бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Ол Instagram әлеуметтік парақшасына атақты актер Арнольд Шварцнеггермен бірге түскен суретін жариялап, оның шәкірті болғанын айтты.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Поздоровалась, пожелав друг другу хорошего дня и просто сфоткались ... всем знакомый терминатор Arnold Schwarzenegger профессор моей кафедры#осы момент#прямо сейчас #армандар???? шукир#третье фото , он сделал лицо как терминатор - актёр гой ????жасы 72 де

Публикация от Gulmira Dairabayeva (@gulmira_dairabaeva)13 Фев 2020 в 9:28 PST

"Бұл бәрімізге таныс атақты терминатор, менің кафедрамның профессоры. Бүгін ол кісінің лекциясы болды. Амандасып қайттым. Арнольд маған сәтті күн тіледі, суретке түсіп алдым. Аңыз адам ғой. Жасы 72-де. Бұрынғы губернатор, қазір менің профессорым. Өмір қызық, арманым орындалсын. Барлықтарыңызға бізден SALEМ", - деп жазба қалдырған журналист.

Айта кетейік, Гүлмира Дайрабаева 1972 жылы 10 қарашада өмірге келген. Елімізге белгілі журналист. Телевизиялық бірнеше жобаның авторы және жүргізушісі. Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының үздігі.