Өмірде өз орындарын қалдырып кеткен белгілі тұлғалардың тауып айтқан сөздерін болашақ ұрпақ мәңгі жадында сақтамақ. Өйткені тума талантты жандардың жүрегінен шыққан сөз, басынан өткен оқиғалармен байланысты. Көптеген еңбек жасап өкінішінен жеңісі көп болған жандардың болашақта ізін жалғаушылар мен сөзге тоқтайтындарға берер ақыл-кеңестері жетерлік. Енді солардың арасынан байлық пен кедейлік жайында айтылған нақыл сөздерге кезек берейік.
Бұл өмірде бізді бай етіп көрсететін бергеніміз емес, алғанымыз.
Генри Бигер.
Егер бай болғыңыз келсе, қызғаншақтықтан аулақ болыңыз.
Клод Гельвеций
Көзі тоймайтын жандар өз байлығына көп қарайды, ал, жаратуға келгенде өзгенің дүниесіндей қорқады.
Бион
Қаңғыбас пен қайыршыны көргенде айналып өтпе.
Менандр
Қалтасы жұқа адам кедей емес, көпті қалайтын адам кедей.
Сенека
Науқасқа дәрігерден аурын жасыруға, ал, кедейге досынан тұрмысын жасыруға болмайды.
Иоанн Дамаскин
Кедейшіліктің қыспағы сондай, адамдар өзіне жақсылық жасаған жандардан қатты ұялады.
Вовенарг