Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар үйлері мен орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына арналып Эрмитаж апталығы өтеді, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарашаның 3-7 күндері сағат 15.00 –16.30 аралығында Эрмитаж апталығы өтеді, кіруі – тегін.
Бұл жылы әлемдегі ірі көркемдік және мәдени-тарихи мұражайларының бірі – Мемлекеттік Эрмитаж (Ресей, Санкт-Петербург) 250 жылдығын атап өтуде. 1764 жылы бұл муражай Екатерина ІІ Императрицасының жеке меншігі ретінде құрылған еді.
Бүгінде Эрмитажда әлемдік мәдени ескерткіштер мен Орта Азия мен Казахстанның да өнер туындылары жиналған. Құрамында – көркем сурет, графика, мүсіндер, қолөнер туындылары, археологиялық табыстар мен нумизматикалық материалдар жиналған.
Осы мерейтой қарсаңында Қазақстанның жетекші университеттерінің бірі – ҚМЭБИ Алматы қаласының Әкімдігі қолдауы мен «Лингвистика орталығы» ЖШС-ның демеулігімен Алматы қаласы мен Алматы облысының балалар үйлері мен орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына арнайы қайырымдылық жоба ұйымдастыруда.
Жобаның қатысушыларына презентациялар мен Эрмитаждың ең жақсы топтамаларының суреттері альбом ретінде көрсетіледі.
Өтілетін орны: ҚМЭБИ университетінің акт залы.
Сурет: strana.ru