- Негізгі бет
- Мәдениет
- Аты аңызға айналған...
Аты аңызға айналған фэшн-фотограф Ги Бурден көрмесі ашылды
Chloé сән үйі негізі қаланғанына 65 жыл толуына орай компания Париж қаласында өз тарихынан сыр шертетін Maison Chloé көрмелер кеңістігін ашты. Онда бренд мұрағаты, жаңа шоу-рум, топтамалар көрсетілімі мен фотосуреттер көрмелері ұйымдастырылмақ.
Maison Chloé кеңістігінде орын алған алғашқы шара теңдессіз француз фэшн-фотографы Ги Бурденнің шығармашылығына арналған көрменің ашылуы болып отыр. Ол "Нәзіктік" деп аталады. Бурден бұл комнания үшін 1956-1986 жылдар аралығында топтамалар мен жарнамалық компаниялар жасады. Ол кезде бренд негізін қалаушы Габи Агьон мен белгілі дизайнер Карл Лагерфельд сән үйінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған болатын. Қонақтар назарына ұсынылып отырған суреттердің басым көпшілігін Бурден сән інжілі саналатын Vogue журналының франциялық нұсқасына арнап түсірген.
Бурден шығармашылығы кинематография секілді әсерлілігімен баурап алады. "Ол киімді ғана емес, өз қиялындағы оқиғаны түсіретін. Ол түсірген фотографиялар кинокадр секілді. Онда киім жай ғана реквизит ретінде қолданылғандай, ол бар болғаны үлкен оқиғаның бір бөлігі сияқты",– дейді экспозиция кураторы Джудит Кларк.
А. Оралқызы