Business Insider порталы атақты шоу-бизнес өкілдерінен бастап бизнесмендерге дейін сағатына қанша қаржы табатынын есептеп шығыпты. Ол үшін Forbes тізімінен пайдаланылған. Танымал адамдардың соңғы бір жылдағы (2017-2018) кірісін 365 күнде неше сағат болса соншаға бөліп, есептеген. Нәтижесінде олардың сағатына қанша табатынын анықтаған.Актерлер, әншілер, спортшыларШоу-бизнес өкілдері тізімін сағатына 27 283 АҚШ доллар табатын актер, продюсер және режиссер Джордж Клуни бастап тұр. Клунидің 2017-2018 жылдардағы табысы 239 миллион доллар. Екінші орында белгілі модель Кайли Дженнер. Ол сағатына 19 006 доллар табады. Ал үшінші орынды голливудтың сүйіктісі, көрермендерге Жартас (The Rock) атымен танымал актер Дуэйн Джонсон иеленген. Forbes-тің есептеуінше ол 2017-2018 жылдар аралығында 124 миллион доллар қаржыға кенелген. Ал сағатына 140 155 доллар табады.Басқалары төмендегі тізімде: БизнесБизнесмендер тізімінде болса мансабын кітап сатудан бастаған Amazon корпорациясының негізін қалаушы Джеф Безос көш бастап тұр. Безос сағатына 4 474 885 доллар табады. Безос 2013 жылы The Washington Post басылымын 250 миллион долларға сатып алған еді. Вашингтон пост қаншалықты абыройға ие екенін айту артық шығар, бірақ Джеф осындай үлкен медианы сатып алуға жұмсаған ақшаны 55 сағатта табады.Сағатына 1 712 328 доллар табатын Марк Цукерберг екінші орынға жайғасқан.Бұл тізімдегі басқалар да негізінен ақпарат технологиялары компаниясының негізін қалаушылары мен басшылары: