Франциялық жазушы Антуан де Сент-Экзюперидің қызға жазған хатындағы сурет бәссаудада 240,5 мың еуроға сатылды. Франциядағы Artcurial бәссауда үйінің Twitter-інде осы туралы хабар таралды. Жазбаға қарағанда Экзюпиридің Кішкентай ханзада ертегіндегі осы аттағы кейіпкер суреті акварель бояуымен салынған болып, онда 1943 жылдың сәуірі 1944 жылдың мамыр айы уақыты жазылған. Associated Press агенттігінің мәлімдеуінше сурет ғашықтық хатына салынған болып, ол жерде ғаламшар үстінде орындықта отырып, ұзын қағазға жазып жатқан кішкентай ханзада бейнеденген. Бұл хат 11 беттен тұрады. Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда бұл хат Экзюпиридің ұшағы 1944 жылы әскери операция уақытында жоғалып кетуден бұрын жазылған соңғы хаты. Бәссаудада осы күнге дейін Антуан де Сент-Экзюперидің 49 шығармасы сатылған.