Талантты фотосуретшілер біз көре бермейтін дүниелерді өзге қырынан таниды. Олардың ерекше суреттерін тамашаласақ, өзімізді құдды бір кино көріп отырғандай сезінеміз.
Кейіпкердің сезімі мен махаббатын суретке анық түсіру үшін қандай шеберлік керек екен? Соның ішінде, балдырғандардың еркелігі мен тәтті қылықтарын бейнеге айналдыратын дарынды фотосуретшілер олармен көп жұмыс істеу керек.
Және бұндай керемет туындыларды өз балаларын шексіз сүйетін аналар да жасай алады. Сондай талантты аналардың бірі ресейлік Елена Шумилованың суреттері адамды өзіне баурап алады. Ол ауылда түсірген балаларының әдемі суреттерімен әлемге танылып отыр. Еленаның бір жетістігі – ана мен баланың сезімі, балалардың табиғатпен үндесуі, олардың жануарлармен тіл табысуы және бауырлар арасындағы махаббатты шебер бере алған.
Оқи отырыңыздар:
1. Өмірдің бір қызығы бала деген... #1
2. Өмірдің бір қызығы бала деген... #2
3. Балаңызға көңіл бөліп жүрсіз бе?
4. Суреттер сөйлейді. Армандар орындалады...
Сурет: marketium.ru