Кездесуге альпинистердің бірнеше буыны, таудың әуесқойлары, жұртшылық өкілдері жиналды. Анатолий Букреев өмірінің жұрт біле бермейтін фактілері туралы альпинистер — Ринат Хайбуллин мен Владимир Фролов, журналист әрі қазақстандық альпинистер туралы кітаптардың авторы Галина Муленкова әңгімелеп берді.
Букреев күнделіктерінің альпинистің құрбысы Линда Уайли өңдеген жинағының алғашқы таралымы мың данамен жарық көріп, қазірдің өзінде сирек кездесетін басылымға айналып үлгерді. "Над облаками" кітабына деген қызығушылық кітап жарық көргеннен біраз бұрын-ақ туындаған болатын. Анатолий Букреевті кәсіби альпинистерден таудың әуесқойларына дейін қадірлеп, құрметпен еске алады. Ол ғаламшардағы биіктігі сегіз мың метрден асатын он бір шыңға 18 рет көтеріліп, әлемнің ең мықты альпинистерінің бірі болды. Букреевтің есімі Эверестегі қайғылы оқиғамен мәңгі есте қалды. Букреев тау биігінде апатқа тап болған үш адамды құтқарып, теңдессіз операцияны іске асырды. Анатолийді Қазақстандағы скайраннинг — тауға жүгіріп шығу спортының атасы деп те атайды.
"Над облаками" кітабының алғы сөзін Қазақстанның 1997 жылы Эверестке ұйымдастырған экспедициясына қатысушылардың бірі Владимир Фролов жазды. Анатолий Букреев пен оның құрбысы Линда Уайлиальпиниспен тағдырлас болып, шыңға көтерілерде үсіп қалған кезде емделуіне көп көмектескенеді.
Владимир Фролов, альпинист: "Бұл кітап әуесқойлар мен тауға енді ғана шыға бастаған адамдарға жігер беретін тамаша фактор міндетін атқарады. Кітап тек альпинизмде ғана емес, жалпы өмірде кез келген белестерді бағындыруға шабыттандырады. Ал енді альпинизмде тәжірибесі барлар үшін Анатолий осы кітапта сегіз мың метрден биік шыңдарға оттегіні қолданбай-ақ шығу, акклиматизация бойынша қомақты тәжірибесін бөліседі. Күнделік жігер береді, шабыттандырады әрі альпинистің мол тәжірибесін жеткізеді. Мұнда жай ғана тауға шығыңыз деген мотив емес, өміріңізде өзіңіз қалаған белестің бәрін бағындырыңыз, өз алдыңызға қойған мақсаттарыңызға жетіңіз — бұл сіздің қолыңыздан келеді деген тұтас мотивация бар".
Кітап баспа бетін көргенге дейін бір жарым жылдық еңбек жұмсалды. Анатолий Букреевтің қолжазбаларының құпиясы ашылып, ресейлік жазушы Сергей Бойко оны ішінара ағылшын тілінен орысшаға аударды. Өкінішке қарай, Анатолий Букреевтің күнделіктерінің бір бөлігіненөрт кезінде қол үзіп қалдық. Кітапқа, Линда Уайли мен альпинист Симоне Морроның да естеліктері енгізілген.
Әсет Даньялов, альпинист, жобаның бастамашысы:"Мен соңғы бес жылда тауға шыға бастадым. Әйтеуір, жылдам сегіз мың метрден асатын шыңдарды бағындырғым келді. Мен бүкіл мотивацияны альпинистер Валерий Хрищатый мен Анатолий Букреевтің кітаптарынан алдым. Бір кезде Букреев туралы үзік-үзік естеліктер көп, бірақ біртұтас кітап жоқ екенін түсіндім. «Восхождение» деген кітап болды, бірақ онда оның сөздері болған жоқ. Бәлкім, менің ойым Ғаламға жеткен сияқты. Пікірлестер пайда болып, қыруар жұмысты солар атқарды. Маған сәттілік жолдас болды, соның арқасында кітап жарық көріп, мен оның таныстырылымын ұйымдастыра алдым. Мен Букреевтің ағылшын тіліндегі күнделіктерін оқығанымда автордың білімдері мен маған берген мотивациясы үшін ризашылығымды оған қалай білдіру қажеттігін ойладым. Бұл — Линда мен Букреевтің альпинизмді дамытуға сіңірген еңбегі үшін олардың алдындағы менің борышым. Мен осы кітап Қазақстанда жарық көруіне септігін тигізгендердің барлығына алғысымды айтамын".
Қазақстан және дүниежүзілік альпинизмнің аты аңызға айналған өкілі Анатолий Букреев күнделіктерінің таныстырылымы "Visit Almaty" туристік орталығында болды.