Жастар елдің болашағы. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі жігіт ағасы, ел тұтқасын ұстайтын азамы екені даусыз. Алматы жастары орталығы білім мен өнерге құштар жастардың басын қосатын ұйытқы іспеттес. Жастарға қызмет көрсету орталығы жастардың жұмысқа орналасуына, кәсіптік бағдар алуға, жастар арасында кәсіпкерлікті жандандыруға бағытталған. Мәселен, Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Жұмыспен қамту орталығым, Атамекен ҰКП сынды мекеме қызметтеркерлерінен арнайы консультациялар және құқықтық мен психологиялық көмек ала алады. Орталық мақсаты Алатау жастарын шығармашылыққа, салауатты өмір салтына, кәсіпкерлікке баулу. Оған қоса, жас ұрпақтың рухани дамуы үшін жастардың әлемдік және ұлттық мәдениет құндылықтарына, шет тілдеріне, өнерге, әдебиетке, дәстүрлерге қатысуына жағдай жасау үшін көптеген іс-шаралар өткізіп жүр. Бұл орталықтың жетекшісі Берік Қалижанұлының айтуынша, орталық ең бастысы, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, олардың жан-жақты дамуы үшін жұмыс істемек. Олардың сұраныстарына байланысты, түрлі сала мамандарымен тренингтер өткіземіз. Сол арқылы толыққанды, білімді маман болып қалыптасуына жол ашпақшы. Шахмат, домбыра, ағылшын тілі секілді үйірмелерде тұрақты жұмыс істеуде. Орталық ішінде тегін бірнеше үйірмелер жұмыс істейді. Мәселен, ағылшын тілі курсы, домбыра, шахмат секілді үйірмелер, график бойынша тұрақты жүргізіледі. Осыған қатысушы жастар да, оң бағасын беруде. Әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, одан өзге де бағдарламалар бойынша ақпараттық мәлімет бойынша қызмет көрсетеді. Ал, орталық ішіндегі шығармашылық шеберхана алаңы шағын кітапханамен, музыкалық құралдармен жабдықталған. Интеллектуалды және шығармашылық кездесулер, воркшоп, коучинг, т.б. ұйымдастыруға бағытталған. Мұнда болашақта жастарға пайдалы, қызықты, әрі жастар қоғамындағы өзекті мәселелер аясында семинар-тренингтер мен түрлі шаралар өткізіліп жүр. Орталық тек Алатау ауданының жастарына ғана емес, сондай-ақ Жетісу мен Әуезов аудандарының жастарына да қызмет көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, бұл орталық биылғы жылдың қыркүйек айында Алматының Алатау ауданында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ашылды.