Соңғы жылдары жасы 30-ға дейінгі миллиардер тізімінің бірінші сатысынан түспей келе жатқан Кайли Дженнер өз атына музей ашады деген ақпарат пайда болды.
Ресми мәлімет бойынша, Кайли АҚШ-тың патенттер мен тауар белгілері бюросына екі бірдей сауда маркасын тіркеу туралы өтінім берген.
Олардың біріншісі – Kylie Kon. Бұл атаудағы бренд түрлі шаралар, арнайы кездесулер, конференциялар мен көрмелер, семинарлар мен бьюти-воркшоптар ұйымдастырумен айналысады.
Кайли Дженнер тіркеуге ұсынған екінші марка – Kylie Museum. Бұл да офлайн-шараларға арналған платформа болады. Кайли музейіне қандай экспозициялар қойылатыны әзірге беймәлім. Бірақ Forbes миллиардері тізімін бастаушы әрі Kylie Cosmetics бьюти-империясының негізін қалаушы ретінде оның жұртшылыққа көрсетері бар екені анық.