Е-commerce соңғы уақыттарда қарқынды дамып келеді. Өйткен онлайн-сауда қазіргі таңда әлемдік тренд болып саналады. Оның өркендеуіне қазіргі ақпараттық технологиялар мен жаңа инновациялар өз әсерін тигізуде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемдік онлайн-сауда 2017 жылы 17 пайызға артқан, ондағы қаражат - 1,85 трлн долларды құрады.
Global Ecommerce Report ұйымының 2017 жылы жүргізген зерттеуі бойынша, Азия-Тынық мұхиты аймағы әлемдік электронды сауданың 50 пайызын иемденіп отыр. Аталған аймақта онлайн-сауданың даму қарқыны жыл сайын 20 пайызды көрсетеді. Алайда, Солтүстік Америкада бұл сауда түрінің даму деңгейі 9 пайызды құрайды.
Электронды коммерциясы дамыған алпауыт мемлекеттерге келетін болсақ, ең алдыңғы орынды 681 млрд доллармен Қытай алады. Артынша, АҚШ (438 млрд доллар), үшінші орын болса Ұлыбританияға тиесілі (196 млрд доллар).
Аустралия мен Түркия елдерінде де аталған сауда түрі даму үстінде. Электронды сауданың өсу қарқыны 31 пайыздан 40 пайызға дейін екен. Ал, осы аймақтардағы электронды коммерцияның даму деңгейі орта есеппен алғанда 17 пайызды құрайды.
Еуропа мемлекеттерінде е-commerce ЖІӨ-нің 4,91% құрайды. Одан кейінгі орынды Азия-Тынық мұхиты елдері иемденеді (4,87%). Ал, ең жоғарғы көрсеткіш Қытайға тиесілі (ЖІӨ – 7,9%), ЖІӨ бойынша екінші орынды Франция алады (3,95%).
Индонезияда халықтың небәрі 15 пайызы интернетпен қамтылған, ал оның 29 пайызы ғана интернет-дүкендердің қызметін пайдаланады. Дегенмен, бұл елдің электронды саудасы жыл санап 24,2 процентке артуда.
Халықаралық электронды сауда қорының координаторы Сара Лоунның (Sara Lone) айтуынша, әлемдік онлайн-сауда нарығы дамып келеді. Оның өркендеуі тікелей мемлекеттің экономикалық саясатының дұрыстығына байланысты. Бұған қоса, интернет қолданушылар саны да өсіп келеді екен. Бұл өз кезегінде электронды коммуникацияның дамуына серпін беріп, жаңа тұтынушылар легін қалыптастырады екен.
Global Ecommerce Report-тың зерттеуіне сәйкес, әлемдік тұтынушылардың 53 пайызы әлеуметтік желілер арқылы сауда жасайды. Осы ретте Facebook әлеуметтік желісінің орны айрықша. Яғни, тұтынушылардың 46 проценті электронды сауданы қолданады.
Е-коммерциядағы мәселелердің бірі — сенім. Онлайн-сауданы пайдаланушылардың 42 пайызы сенімнің аталған сала түрінің дамуына әсер ететінін айтқан.
Онлайн-саудадағы әлемдік үздік компанияларға келер болсақ, Amazon.com, Itunes.com, Zappos.com, Ebay.com, Officedepot.com және т.б.
Мысал ретінде осы компаниялардың 2-не тоқтала кетсек, Amazon.com– халықаралық деңгейдегі ең ірі интернет компания. Мұнда тауар түрінің барлығы бар. Мәселен, сағаттан бастап, көлік дөңгелегіне дейін алуға болады. Бұл ұйымның қызметін пайдаланушы әлемдік мемлекеттер АҚШ, Бразилия, Канаада, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Франция, Польша, Испания, Үндістан, Қытай, ТМД мемлекеттері. Сондай-ақ, аталған мемлекеттерде осы компанияның филиалдары орналасқан. Financial Times-тің 2017 жылғы мәліметінше, оның капитализациясы 506 млрд долларды құраса, жылдық табысы 3 млрд долларды көрсетіп отыр. Ал, 2016 жылы жылдық табыс 600 млн долларға төмен болған еді. Ал, Bloomberg Billionaires Index айтуынша, Amazon негізін салушысы Джефф Безостың жағдайы 100 млрд долларға бағаланыпты.
Ал, Itunes.com-ның жартысы Apple негізін салушысы Стива Джобсқа тиесілі. Аталған мекеме интернетте аудио материалдарды сатумен айналысу бойынша ең жоғары көрсеткішке ие. Мұндағы музыкалар 99 центпен бағаланады. Әлемнің 600 млн тұрғыны осы компанияның қызметін тұтынады екен. Бұл компания Apple-ге тиесілі болғандықтан Apple-дің жылдық табысын көрсеткенді жөн санадық. Яғни, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша 83 млрд долларды құрады.
Қазақстандағы е-коммерцияның дамуы деңгейі де жыл санап артуда. Статистикалық мәліметтер бойынша, елімізде 10 млн. адам интернетті пайдаланады екен. 2017 жылы ҚР электрондық сауда нарығының көлемі 106,9 миллиард теңгені құраған. Яғни, ол бөлшектік тауар айналымы көлемінің 1,2 пайызын құрады. Ал, 2018 жылдың 5 айындағы электрондық сауда нарығының көлемі 101 миллиард теңгені немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын көрсеткен.
Онлайн-сауда саласында satu.kz, технодом, kaspi.kz, flip.kz, AliExpress сияқты ірі ойыншылардың қызметі елімізде күннен күнге жанданып, сұранысқа ие болып жатыр.
дереккөз:bilim-all.kz