«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп Бауст айтса, «Кітап – асып-таспайтын асыл досымыз» деп Гюго айтқан. Толстойдың өзі: «Жақсы кітап – ақылды адаммен әңгімелескенмен бірдей» деп жазып кеткен. Ендеше кітаптан асқан даналық бар ма? Ал олардың отаны – кітапхана.
Кітапхана – адамның демалатын жері. Бұл сөздің бірнеше мәні бар: кітап оқып демалу бар, тыныштықта отырып демалу бар. Себебі кітапханада әлемдегі ең саналы және ең ақылды адамдар бас қосады. Ал әлемде сәулеті ерекше салынған кітапханалар барын білесіз бе?
Канзас-Сити, АҚШ
2004 жылы Казнас-Ситидегі Қоғамдық кітапхана қаңырап жатқан Бірінші ұлттық банктің ғимаратына ауыстырылды. Екі жыл өткеннен кейін дәл сол ғимараттың қасына көлік тұрағы салынды. Ал бұл сол ғимараттың архитектуралық сәніне қарама-қайшылық тудырды. Мұны ескергендер сол жерден үлкен қылып, кітап үлгісіндегі қамал тұрғызды. Ол жерден көлік тұрағы көрінбейтін болды.
Тұрғызылған кітап қамалдағы әр кітаптың биіктігі – 8 м, ені – 2 м. Кітаптар тізбегінде әлемге әйгілі классиктердің аттары жазылған. Ал кітапхананың ішкі құрылысы бұрынғы банктің үлгісінде қалды.
Pargue Espana, Колумбия
Колумбияның Медельин қаласы өткен жүз жылдықтың ең лас және кокаинмен айналысатын қарақолдардың қаласы ретінде есте қалды. Жергілікті билік бұл түсінікті жою үшін қалаға мәдени құрылыс керектігін алға тартады.
2007 жылы Джанкарло Маззантидің жобасымен Медельин қаласында Pargue Espana кітапханасы бой көтерді. Кітапхананың ерекшелігі – сәулетінде. Жартас секілді соғылған ғимарат ішіне адамдар кітап оқуға келеді.
Луи Нюсера, Франция
Жер бетіндегі құрлысы жағынан ең керемет және ең ерекше кітапхана Францияда орналасқан. Ивом Байяром мен Франсисом Шапюдің жобасы негізінде бұл кітапхана 2002 жылы салынды. Кітапхананың ерекшелігі адамның жартылай басы мен миы түрінде қаланған.
Сандро Пенн атындағы кітапхана, Италия
«Бізге өзге ғаламшарлықтар келіпті!» дейтін сөзді сіз Италияның Перудже қаласына барсаңыз айта аласыз. Себебі мұндағы алып кітапхананың ерекшелігі өзге ғаламшарлықтардың көлігіне сәйкестендіріліп жасалған.