- Негізгі бет
- Мәдениет
- Әлем аруы -...
Әлем аруы - 2019: Қазақстанды таныстыратын фильм
Еліміздің ең сұлу аруы Мадина Батық Қазақстан туралы фильмнің түсіріліміне қатысып жатыр. Бұл фильм Лондонда өтетін "Әлем аруы - 2019" байқауында көрсетіледі.
Шығармашылық топтың негізгі мақсаты — көрерменге қазақ жерінің қайталанбас сұлулығын, тарихын, халқымыздың қонақжайлығын көрсету. Туындыдағы басты кейіпкер Мадина Батық 2019 жылы Қазақстанның ең сұлу аруы деп танылған.
"Бірінші түсірілім күні қай кезде де қиын. Шығармашылық топтың мүшелері тіл табысқанша баяу қимылдайды, режиссер кадрды ұзақ қояды, камераға үйренбеген кейіпкер уайымдайды. Алайда біз үшін бәрі абыроймен өтті. Алматы маңындағы Бұтақты шатқалында болған түсірілім кезінде Мадина Батық үстіндегі 30 килограмдық киіммен атқа мініп қана қоймай, оны жақсы басқарып көпшілікті таңғалдырды",- дейді "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының PR-менеджері Айжан Түгелбаева.
Ал Мадина жануарларды жақсы көретінін және олармен тез тіл табысатынын айтты: "Бәрі керемет өтті. Көңіл күй тамаша! Жануарларды жақсы көремін, сол себепті еш қиындық болған жоқ. Астымдағы атыммен тез тіл табысып, екеуіміз де өз рөлімізді жақсы ойнап шыққан сияқтымыз. Айтпақшы, оның есімі Батый екен. Жасы 15-те".
Фильмде көрсетілетін локациялардың саны көп. Түсірілім тобы бірнеше аптада Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстарын аралап, Нұр-Сұлтан қаласына баруды жоспарлап отыр. Түсірілімнің алғашқы күндері қалай өткенін Massaget тілшілері дайындаған видеодан көріңіздер.
Видеокүнделіктердің бас интернет-серіктесі — Tengrinews.kz, Massaget.kz порталдары. Ресми серіктес — "Кселл" АҚ — Бұрынғыдан әлдеқайда жақын!
Y. Almabek