Ұлт мәдениетін, сөз өнерін әлемдік деңгейге көтерген Абай, оның Шәкәрім бастаған дарынды шәкірттері, ұлылықтың ізін жалғаған Мұхтар Әуезовтің есімі мен бай мұрасы – қазақ халқының асыл қазынасы.
2015 жылдың 13 қараша күні Абай атындағы театрда тарихы талай жылды артқа тастап, тұлғасын тіктеп, қанатын кеңге жайған киелі шаңырақ Ұлы Абай мұражайының 75 жылдығына арналған мерейлі мереке өтті. Мерекеге кең байтақ Республикамыздың барлық өңірінен арнайы шақырылған құрметті қонақтар келді.
Абай қорық-мұражайының директоры, ф.ғ.к, доцент Ж.М.Әубәкір «Музей белестері» атты баяндама жасады.
Салтанатты жиын заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.С.Уәлиевтің алғашқы құттықтау сөзімен ашылды.
Жауапты хатшы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзін жеткізіп, ұзақ жылғы ерен еңбегі үшін Абай мұражайының Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы бөлімі Әсет Найманбайұлы мұражайының меңгерушісі А.Т.Разуевті «Еңбек ардагері» медалімен және мұражайдың дамуына қосқан зор үлесі үшін Абай ауданындағы бөлімі Бөрілідегі М.Әуезов мұражай-үйінің меңгерушісі Ш.Исабаевты, жетекші ғылыми қызметкер Н.Өмірбекованы, Семей қаласының облыстық өлкетану мұражайының директоры Б.Теміровті «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.
Жауапты хатшы Қ.Уәлиев еліміздің әлеуметтік-мәдени саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, мәдениет пен өнер саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Абай мұражайының суретші-безендірушісі А.Баркеновті, бас есепші Г.Қайырханованы, «М.Әуезов мұражай-үйінің» аға ғылыми қызметкері Г.Тәңірберген, Абай мұражайының ғылыми хатшысы С.Мұқатаеваны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Елбасы бастамасымен Астана қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын салтанатты мерекелеу шарасына ұйымдастыру тұрғысынан ерекше атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен және «Қазақ хандығының 550 жылдығы» арнайы медалімен жетекші ғылыми қызметкер М.Мұхамедова, заңгер Ж.Ахметханов марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі «Қазақ хандығының 550 жылдығы» арнайы медалімен: директор Ж.Әубәкір, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, Ғылыми хатшы С.Мұқатаева марапатталды. Құттықтау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омардың сөзімен жалғасып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің марапаттарын табыстады.
Абай, Шәкәрім, М.Әуезовтің шығармашылық мұрасын насихаттауға және мұражай ісін дамытуға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Грамотасымен: директор Ж.Әубәкір, Абай ауданы Құндыздыдағы Ш.Әбенов мұражай-үйінің меңгерушісі С.Шәкерова, Абай мұражайының зал қараушысы Қ.Моллағожина, М.Әуезов мұражай-үйінің зал қараушысы Б.Байкишова марапатталды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының 75 жылдығына орай және облыста мұражай ісінің дамуына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен Жидебайдағы Абай-мұражай үйінің меңгерушісі Ә.Мырзақасым, оператор Ж.Байгаскина, Мақаншыдағы Әсет Найманбайұлының мұражайының экскурсоводы Л.Асетова, аға ғылыми қызметкер Қ.Ибрагимова, Ш.Әбенов мұражай-үйінің қызметкері К.Әлімбеков, зал қараушы А.Алина марапатталды.
Мәдени шара барысында мерейтой иелерінің атына Ресейлік әріптестері Е.Богатырев – А.С.Пушкиннің мемлекеттік музейі (Мәскеу), Г.Опарин – «Ясная Поляна» қорық-музейі (Тула облысы), Астана қаласынан Тұрсын Жұртбай, Үмітхан Мұналбаева (Ұлттық академиялық кітапхана), Алматыдан – Әлібек Асқар (Қазақстанның Ұлттық кітапханасы), Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімшілігінен құттықтау жеделхаттары түскендігі айтылды.
Абай музейінің халықаралық деңгейдегі әріптесі Ресейдің Омбы қаласы «Мөлдір» қазақ мәдениеті орталығының директоры, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген Мәдениет қайраткері Алтынай Жүнісова және Омбы қаласынан Абайдың ақын шәкірті Көкбай Жанатайұлының немересі Амангелді Көпбаев құттықтау сөз сөйлеп, Отандарына, адамзаттың Абайына деген құрметін, сағыныштарын Абайдың әндерімен жеткізді.
Мерекеге еліміздің республикалық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелері Л.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті басшылары мен қызметкерлері арнайы келіп, жылы лебіздері мен құттықтауларын жеткізді.
Келесі сөз алыстан келген еліміздің республикалық «Таңбалы», «Берел» қорық-мұражайларының басшылары, Түркістан тарихи-мәдени-этнографиялық орталығы, Шығыс Қазақстан облысының мұражайлары және Семей қаласының Мәдени мекемелерінің басшылары мен әріптестеріне берілді.
Семей қаласының әкімінің орынбасары Н.Шарова, Абай, Үржар, Жарма аудандарының әкімшілік өкілдері Абай мұражайының қызметкерлерін құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Сонымен қатар, қаламыздың орта оқу орындары колледждер мен мектеп басшылары құттықтауларын жеткізді.
Еліміздің түкпірінен келген қонақтар Абай мұражайының 75 жылдығына арнайы өздерінің баспа өнімдері мен сыйлықтарын тарту етті.
Абай мемлекеттік қорық-мұражайында абыройлы еңбек еткен қызметкерлер мен мұражайдың дамуына қаржылық демеушілік үлес қосқан жанашыр азаматтарды мұражай директоры Ж.Әубәкір мұражайдың арнайы «Абай медалімен» марапаттады.
1.Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы
2.Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызы
3.Лдибаев Ерлан Арнаұлы
4.Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы
5.Сағатбеков Мақсат Қалиханұлы
6. Мұқатаев Амантай Мұқатайұлы
7.Ибраева Үмітқайша Ахметқалиқызы
8.Күзембай Лаура Ғизатқызы
9.Зекеева Қамар Мінуарқызы
Салтанатты жиыннан кейін қонақтар мерекелік концертті тамашалады.
Киелі қара шаңырақ – Абай мұражайының 75 жылдық мерейтойына өнерімен өрге жүзіп, талантына дүйім елді табындырған әйгілі әнші-күйшілер, cемейлік халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, Қазақстан Республикасының өнер қайраткерлері дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали және күйші Айбек Бекбосын, ҚР Мәдениет қайраткерлері Н.Иманбаев, Н.Көшеров, Мәдениет саласының үздігі Б.Омаров және Семей қаласының М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің қазақ халық аспаптар оркестрі, қобызшылар оркестрі, «Кербез» ансамблі, Мәдениет сарайының вокалды квартеті, би тобы және басқа да өнер майталмандары өнерлерін көрсетті.
Салтанат Амантайқызы