Tengrinews.kz ақпараттық порталында "Позитивті жаңалықтар" атты жаңа бөлім ашылды. Онда оқырманға жағымсыз көңіл-күй сыйлайтын саясатқа, қылмысқа және экономикаға қатысты материалдар жоқ.
"Позитив жаңалықтар" бөлімінде оқырманға шабыт сыйлайтын мақалалар, тартымды ғылыми жаңалықтар, әзіл-оспақ оқиғалар, интеллектуал ақпараттар сонымен қатар қызық хикаялар бар. "Позитив жаңалықтар" бөліміне кіру үшін жаңалықтар таспасының үстінде орналасқан "Позитивті қосу" тетігін басыңыз.
Ал, Tengrinews.kz-тегі барлық жаңалықтарға қайта оралу үшін жаңалықтар арнасының үстінде орналасқан "Барлық жаңалықтар" түймесін басыңыз.
Позитив жаңалықтар "күн" белгісімен оқшауланған және жалпы жаңалықтар лентасында көрініп тұрады.
Қазіргі уақытта аталған бөлім тек десктоп және сайттың бейімделген нұсқасында қолжетімді екенін ескертеміз.