Егер еңбек демалысыңызда шетелге кетіп, әлемнің ғажап мекендерін аралауға мүмкіндігіңіз болмаса, уайымдамаңыз. Осы мақалада оны үйде ұтымды ұйымдастыру жолдарын ұсынамыз. Қазіргі таңда staycation (stay және vacation сөздерінің бірігуі) неологизмі пайда болды. Бұлай, жоғарыда айтып өткеніміздей, ақша тапшылығынан үйде қалуға мәжбүр болған адамдардың демалысын атайды. Тренд алғашында 20072010 жылдары орын алған дағдарыс салдарынан Америкада пайда болды. Кейін фунт стерлинг қарқынды құлдыраған сәтте Ұлыбритания тұрғындары да staycation трендіне бет бұрды. Қоршаған ортаңызды өзгертіңіз Сіздің шетелге кетпеуіңіз, үйден шықпауыңызға алғышарт болмауы тиіс. Өзіңіз тұратын қаланың туристік аймағындағы бір қонақүй немесе бөлме жалдап, уақытша сол жерді мекен етіңіз. Бұл күйзелістен арылтады. Жаңа ермек табыңыз Локацияны ғана емес, іс-әрекетті де өзгерту керек. Яғни, бұрын жасап көрмеген дүниелер тізімін жасаңыз. Йога, серфинг, одан өзге де хобби табыңыз Өзіңізді туристтей сезініңіз Қай қалада тұрсақ та, оны аралауға уақыт таппайтынымыз рас. Ал, staycation сол олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Ендеше, мәдени маршрут дайындап, сол бойынша қала аралауға кірісіңіз.