Қаржы саласыныңбиылғы жаздағыбасты оқиғасы - Astana Finance Days-2018 іс-шарасы аясындаАстана Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Mastercard халықаралық төлем жүйесі арасында Стратегиялық серіктестік жөнінде меморандумға қол қою рәсімі өтті. Тараптар қолма-қол ақшасыз экономиканы дамытуға және төлем технологияларын ендіруге бағытталған жобалар, атап айтқанда, АХҚО резидентінің картасы және Ақылды қалаларды дамыту саласындағы бастамалар аясында бірлесе жұмыс жүргізуді көздеп отыр. Үш жақты құжатқа Mastercard-тың Қазақстандағы, Беларусьтегі және Армениядағы басқарушы директоры Нина Виллемс, Астана Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қол қойды. Қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытпайынша,цифрлік экономиканы қалыптастыру мүмкін емес екендігіне біз сенімдіміз. Бүкіл әлемдегідей, біз Қазақстанда да қолма-қол ақшасыз экономиканың дамуына барынша жағдай жасайтын озық инновациялары ендіріп жатырмыз. Mastercard және Астана Халықаралық қаржы орталығы арасындағы серіктестік Қазақстанда цифрлік экономиканы дамыту кезіндегі басты белеске айналады деп үміттенеміз. Сондай-ақ, осы серіктестік аясында біз заманауи төлем инновацияларын қолдана отырып жасалған резидент картасының мүмкіндігін жұртшылыққа таныстырып үлгердік, - деп атап өтті Mastercard-тың Қазақстандағы, Беларусьтегі және Армениядағы басқарушы директоры Нина Виллемс. АХҚО инфрақұрылымын қалыптастыру аясындағы бірлескен жұмысымыз арқасында резиденттер инновациялық қаржылық қызметтерге қол жеткізеді, ал біздің терең сараптамамыз және бай халықаралық тәжірибеміз бүкіл Қазақстанда ақылды қалаларға арналған технологиялардың дамуына қозғау салмақ. Осы жөнінде Астана Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов былай деп атап өтті: Біз қаржы орталығының резиденттеріне жайлы әрі технологиялық жағынан озық ортаны жасап беру үшін Mastercard-пен арадағы ынтымақтастығымызды жалғастыруға қуаныштымыз. Біздің осы тәжірибеміз Цифрлік Қазақстан бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бүкіл елімізде ақылды қалаларды құру үшін сәтті үлгіге айналатындығына сенімдімін. Бүгінгі күні Астана бұл туризм, қонақжайлылық, білім беру, қызмет көрсету сынды тағы да басқа көптеген салалардағы даму әлеуеті зор заманауи мегаполис. Елорданың алдағы дамуы озық технологиялармен тікелей байланысты болғандықтан, инновациялық шешімдер саласындағы ерекше тәжірибеге ие Mastercard компаниясымен ынтымақтасуымыз Астананың болашақтың қаласы деген мәртебеге жету үшінжасаған қадамдарының біріне айналады. Біздің серіктестігіміз Smart Astana жобасын кеңінен дамытуға мүмкіндік бермек, - деп баса атап өтті Астана әкімі Әсет Исекешев. Үш жақты серіктестіктің басты бағыты АХҚО резидентінің картасы бірлескен бастамасы аясындағы жобаларды дамытумен және ілгерілетумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге, инновациялық технологияларды дамытуға, тәжірибе алмасуға, АХҚО қаржылық технологияларының экожүйесін дамытуды қолдауға арналған бірлескен іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ, басқа да ынтымақтастық түрлерін, соның ішінде Ақылды қалаларды дамыту саласындағы жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлмек. Қазақстанда 20 жылдан аса уақыттан бері жұмыс жүргізіп келе жатқан Mastercard компаниясы қолма-қол ақшасыз экономиканы дамытуға және әлемдік төлем инновацияларын ендіруге кеңінен жағдай жасап келеді.