- Негізгі бет
- Мәдениет
- Pantone: 2019 жылы...
Pantone: 2019 жылы сәнге енетін түс анықталды
Pantone түстер институтының мамандары әр желтоқсан сайын келер жылдың ең сәнді түсін анықтайды.
Осы жолы олар мұхит түбін көп зерттеген екен. Сөйтіп, 6 желтоқсан күні Майамида өткен Art Basel көркем сурет жәрмеңкесінде 2019 жылы "Маржан түс" сәнде болады деген шешімге келді. Нақтырақ айтсақ, сарының шабдалыға жақын реңіне алтын іспетті ноталар қосылған.
"Бізге шабыт берген Табиғат-Ананың өзі болды. Ең алдымен, біз оны қорғап қалуға соншалық күш салып жатпаған секілдіміз. Онсыз күніміз жоқ екенін көпшілік түсінбей келеді. Ал, маржандар, тіпті, жойылудың аз-ақ алдында тұр", – деді Pantone-ның вице-президент Лори Прессман.
Нақты осы түстің белгіленетіні әлдеқашан белгілі болған. Себебі, сән өндірісінде осы түсті киімдер, интерьер бөлшектері мен жиһаздар, сондай-ақ, гаджеттер де пайда бола бастады. Жаңа iPhone XR түсі де мысал бола алады.
А. Оралқызы