Google бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына сапалы жаңалықтары үшін ақы төлейтінін мәлімдеді.
"Бүгін біз сапалы контент үшін ақы төлейтін осы жылғы лицензиялық бағдарламаның басталғанын хабарлаймыз", - делінген компания хабарламасында.
Бірақ Google жаңалықтарға қанша төлейтіні айтылмаған.
Германия, Аустралия және Бразилиядағы Spiegel, Solstice Media және Diarios Associados компанияларымен алғашқы келісімшарттар жасалды.
"Біз бірнеше елдердегі БАҚ-тардан бастаймыз, болашақта олардың саны артады", - деп хабарлады компания.