Forbes: 30 жасқа дейінгі ең бай жұлдыздар тізімі

Forbes: 30 жасқа дейінгі ең бай жұлдыздар тізімі
Фото: vk.com

Америкалық Forbes басылымы шоу-бизнес пен спорт саласындағы 30 жасқа дейінгі ең бай жұлдыздар тізімін жасады. Рейтингке енген 30 адамның 2016-2017 жыл аралығындағы кірісін қосқанда $1,24 миллиардты құрады.

Сонымен, 30 жасқа дейінгі ең бай жұлдыздар тізімін 27 жасар Эйбел Тесфайе есімді музыкант бастады. Бұл сізге бейтаныс адамдай көрінуі мүмкін, бірақ The Weeknd лақап атын естісеңіз, біден танисыз. Ол 2016 жылдың 1 маусымынан бастап 2017 жылдың 1 маусымы аралығында $92 миллион ақша тапқан. Тесфайе өзінің әндерін алғашында YouTube желісіне жасырын атпен жариялаған. Бұл 2010 жылдары болған оқиға. Ал, одан 3 жыл өткен соң, Kiss Land аталатын дебюттік альбомын ұсынды. The Weeknd ​— бірнеше мәрте «Грэмми» иегері және «Оскар» марапатына да ұсынылған. Кірісінің көп бөлігі, нақтырақ айтсақ, $75 миллионға жуық қаржы оған концерттерінен түскен болып шықты.

Forbes рейтингінің екінші сатысын 23 жасар канадалық орындаушы Джастин Бибер иеленді. Басылым ұжымы белгілеген уақыт аралығында Джастин $83,5 миллион кіріске қол жеткізген. Осы бір жылдың ішінде ол 105 концерт өткізген және Calvin Klein компаниясымен келісімшартқа отырған.

Алғашқы үштікті $69 миллион кірісімен әнші Адель аяқтайды. Британиялық өнерпаз соңғы «Грэмми» салтанатында нағыз триумфатор болды. Музыка саласы бойынша әлемдегі ең беделді марапатты 5 мәрте алған әнші фуррор жасады. Ал, Адельдің «25» аталатын альбомы 2016 жылы 1,73 миллион тиражбен сатылып, ең үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Бұл тізімге баскетболшы Кевин Дюрант ($60,6 миллион), гольфшы Рори Макилрой ($50 миллион), әнші Тейлор Свифт ($44 миллион), модель Кайли Дженнер ($41 миллион), футболшы Неймар ($37 миллион) мен әнші Рианна ($36 миллион) сынды танымал жұлдыздар және тағы басқалары енді.

А. Оралқызы