Forbes-2018: Ең бай рэперлер

Forbes-2018: Ең бай рэперлер
Фото: vk.com

Forbes журналы 2018 жылдың ең бай хип-хоп әртістерінің рейтингін ұсынды. Үлкен стадиондарды жинайтын қазіргі заманның "ақындары", яғни, рэперлер осы жылды қандай кіріспен қорытындылады?

Тізімді $ 76,5 миллион тапқан Джей-Зи бастады. Ақшаның басым бөлігі Everything Is Love аталатын таспа сатылымы мен жұбайы Бейонсе екеуі ұйымдастырған On The Run II турынан түскен. Оданкейінгі кезек Пи Диддиге бұйырған. Рэпер қалтасы $ 64 миллион салса, үздіктер үштігін Кендрик Ламар тұйықтайды. Ол Nike және American Express компанияларымен жасаған келісімшарты негізінде $ 58 миллионға қол жеткізген. 

Алғашқы ондықта көптеген рекордтарды жаңартқан  Scorpion  альбомының авторы Дрейк ($ 47 миллион), Джей Коул ($ 35,5 миллион), Доктор Дре мен Nas (әрқайсысы $ 35 миллионнан), Pitbull ($ 32 миллион), Future ($ 30 миллион) бар. Соңғы сатыға Канье Уэст жайғасты. Оның кірісі $ 27,5 миллионды құрады.

А. Оралқызы