Британиялық ArtReviewжурналы өнер саласындағы ең ықпалды адамдар рейтингін шығарды.Жыл сайын анықталатын Power 100 тізіміне галеристер, суретшілер, дизайнерлер мен әлеуметтік қозғалыстар енді. Рейтингті Дэвид Цвернер есімді арт-дилер бастап тұр. Оның Нью-Йорк, Лондон және Гонконг қалаларында өз галереялары бар. Цвернердің арт-империясына биыл 25 жыл толып отыр. Былтыр ол осы рейтингтің 5-ші сатысын місе тұтқан болатын. Одан кейін кіші Керри Джеймс орналасты. Танымал афроамерикалық суретшінің Past Times (1997) аталатын картинасы бәссаудада $ 21,1 миллионға өтіп, рекорд жаңартты. Бұл оны 68-ші сатыдан екінші орынға көтерді. Past Times (1997) Үшінші орын #MeToo қоғамдық қозғалысына бұйырды. Өнер саласында әйел адамдарға қатысты жасалатын әділетсіздіктерге қарсы ұйымдастырылған шара бар әлем бойынша жалғасын тапты. Өнердегі 100 ықпалды адам тізімінеатақты қытай суретшісі Ай Вэйвэй(5-ші орын), Serpentine галереясының кураторы әрі директоры Ханс-Ульрих Обрист (7-ші орын), фотографВольфганг Тильманс(11-ші орын), жапон суретшісіЯёи Кусама(16-ші орын), Тейт галереясы директоры Мария Бэлшоу (17-ші орын), фотографНан Голдин (18-ші орын), Миучча Прада дизайнері (20-шы орын) және т.б. енді. Толық тізімді көргіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.