Тарихшылар Галилейдікі делінген құнды қолжазбаның жалған екенін дәлелдеді

Мичиган университетінің кітапханасында сақталған құнды саналатын Галилео Галилейдің қолжазбасы жалған болып шықты. Оны жүз жыл бұрын итальян фалсификаторы Тобио Никотра жасаған болуы мүмкін. Бұл туралы DTF жазды.

XVII ғасырдың басындағы Галилео Галилейдің қолжазбасының жалған болып шыққанын тарихшылар Ник Уилдинг пен Пабло Альварес хабарлап, оны зерттеу нәтижесінде анықтады. Белгілі ғалым жазған делінетін жоба 90 жылға жуық Мичиган университеті кітапханасының негізгі экспонаттарының бірі болып саналды.

Уилдинг 2022 жылдың мамырында итальян астрономы туралы кітабында Галилеоның құжаттарын зерттеп жатқанын айтты. Тарихшы қолжазбаны зерттегенде  оның түпнұсқа екеніне күмәнданған. Құжатта әртүрлі уақытта жасалған екі бөлек жазба бар. Бұл жазбада Галилео алдымен Венециядағы телескопының тұсаукесері үшін баяндама жасаған, содан кейін Юпитер серіктерін бақылаған нәтижелерін жазған.

Тарихшы хаттың екі бөлігіндегі сия түсі бір-біріне ұқсайтынын атап өтті, дегенмен Галилео бұл жазбаларды бірнеше айлық айырмашылықпен жазған. Уилдинг сонымен бірге Галилео сол кезеңдегі жазбалары үшін пайдаланған қағаздан бұл қолжазбаның басқа екенін анықтаған.

Құжатты зерттеуді жалғастыра отырып, тарихшы қолмен престеу шеберханаларында бұйымдарды ажырату үшін қолданылатын қағаздағы су таңбасына назар аударған. Уилдинг қолжазбаның «AS» және «BMO» белгілерімен басылғанын байқады, бұл өндіруші мен өндірілген қала – Бергамоны білдіреді. Тарихшы, «ВМО» белгісі 1770 жылдан кейін ғана қағазға басыла бастағанын айтады. Ал, Галилео Галилей 1642 жылы қайтыс болған.

Жалған болуы мүмкін құжат. © Мичиган университеті

Уилдинг оның жалған екеніне сенімді болғанымен, бірақ оны қосымша тексеруге шешім қабылдаған. Ол басқа жалған құжаттарды тексеріп, «Галилей қолжазбасындағы» қағаздың кейбіреулерімен бірдей екенін байқаған.

Кураторы Пабло Альвареспен кеңескеннен кейін Уилдинг атышулы итальян фальсификаторы (жалған құжат жасаушы) Тобиа Никотра қолжазбаны қолдан жасаған деген түпкілікті қорытындыға келкен. 1934 жылы ол Галилео Галилейдің қолжазбаларын қоса алғанда, қолдан жасалған қолжазбалар үшін екі жылға сотталған.

Уилдин зерттеуінің нәтижелерін Мичиган университетінің қызметкерлерімен бөліскен, олар да тексеріп, қолжазбаның шынымен де жалған екенін мойындады. Анықталғандай, 1938 жылы кітапханада болғанға дейін құжат бірнеше коллекционерден өткен, олар әр жолы Галилейдің басқа жазбаларымен салыстыра отырып, оның түпнұсқалығын растаған.