Фрида Кало туралы графикалық роман жарық көрді

Prestel баспасы мексикалық суретші Фрида Кало туралы "Фрида Кало: Өмір жолы" аталатын графикалық роман жарық көрді. Иллюстрацияларды италиялық Ванна Винчи есімді суретші салған.

Романның бас кейіпкері Фрида бар болғаны 47 жыл өмір сүрсе де,  көрген бейнеті аз болмады. Ол алты жасынан бастап полиомиелитпн ауырды. Ал, 18 жасында жол апатына ұшырап бірнеше мәрте ота жасатқанынынң кесірінен балалы бболу мүмкіндігінен айырылды. Бұл аурудың жанына батқаны сонша, оған ауру басатын дәрілердің өзі көмектесуден қалды. Жас суретші 22 жасында суретші әрі саяси тұлға Диего Риверуге ттұрмысқа шықты. Олардың сезңмң туралы аңыздар әлі күнге дейін талқыланады. Өзінің өмірлік махаббаты туралы Фрида: "Менің өмірімде екі апат болды: бірі жол апаты, екіншісі Диего,"- дейтін.

Фриданың елден ерек болмысы талай өнер туындыларына арқау болды. Суретшінің өз шығармашылығы да автопортреттерге тұнып тұр.

Фрида туралы алғашқы графикалық роман суретшінің өмірі мен шығармашылығына жол салады.