Ғаламторға өнер туралы 200 тегін кітап жүктелді

Соломон Гуггенхайм атындағы заманауи өнер мұражайы PDF форматтағы әлем өнері туралы 200 кітапты жүктеді. Олардың барлығын да тегін оқуға мүмкіндік бар. Өнер десе, ішкен асын жерге қоятындар әр кітапты өзінің электронды құрылғысына тегін жүктеп алса да болады.

Соломон Гуггенхайм атындағы заманауи өнер мұражайы жүктеген кітаптарда Василий Кандински, Рубенс, Пабло Пикассо, Густав Климт, Рой Лихтенштейн секілді өзге де қылқалам шеберлері туралы құнды  ақпараттар бар. Қорға енген кітаптар тізімімен толық танысу үшін мына сілтеме бойынша өтсеңіз болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 5 жыл бұрын мұражай ұжымы осындай ізгі қадам жасаған болатын. Ол кездегі басылымдардың жалпы саны 65-ке жуықтаған еді. Биыл жүктелген кітаптар саны айтарлықтай өсті.