Жуырда әшекей-бұйымдар көрмесі өтеді

Аяулы қыздар, 21 мен 23 қараша аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін “Fashion Jewelry” атты әшекей-бұйымдар көрмесі өтеді.

Бұл көрмеге Қазақстан және шетел компаниялары, дизайнерлері қатысады. Олар бір данада жасалған да, сериялы әшекей-бұйымдарын да, сонымен қатар танымал брендтердің бұйымдарымен таныстырады.

Сіздердің назарларыңызға алтын, күміс, мельхиор, жартылай асыл тастар, әйнек, бисер, авторлық бижутерия, киіз, тоқыма, таза былғары, ағаш және басқа да материалдардан жасалған бұйымдар ұсынылады.

Өтілетін орны: ҚР Орталық Мемлекеттік Мұражайы (Самал-1 ы.а., 44 үй)

Сурет: primamedia.ru