Әр жылдың соңында Google әр елге байланысты сараптамалық қорытынды шығарады. Сол әдеті бойынша, компания Қазақстан аймағында ең көп ізделген сөздерді анықтады. Топ-сұраныстар бірнеше категория бойынша жіктелген, олар: Жыл адамы, Жыл фильмі, Жыл сатылымы, Жыл сериалы. Жылдың топ сұранысы категориясы бойынша бірінші орында Тақтар ойыны 7 маусым тіркесі тұр. Қазақстан бойынша жылдың ең көп интернет сұранысқа ие болған адамы сөзсіз Димаш Құдайбергенов болды. Ал, сатылымдар бойынша Қысқы Универсиада мен Экспо билеттері көп ізделген екен.