- Негізгі бет
- Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар
- Ұрлық, ұят, ынсап,...
Ұрлық, ұят, ынсап, пейіл туралы (III бөлім)
Хан сыртынан жұдырық.
***
Кілемге бергісіз алаша бер,
Ханға бергісіз қараша бер.
***
Ханнан қазық, биден тоқпақ.
***
Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар.
***
Қара қайсы, хан қайсы,
Елді ойлаған жан қайсы.
***
Екі молда бір кісі,
Бір молда жарты кісі.
***
Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді.
***
Шала молда дін бұзар.
***
Аңқау елге арамза молда.
***
Ораза, намаз – тоқтыққа.
***
Шала молда шарық айтар.
***
Тентек молда телмірген өгіз.
***
Қар жауды деп қуанба,
Артынан аязы болар.
Қожа келді деп қуанба,
Артынан ниязы болар.
***
Жарлының еңбегі – байдың ермегі.
***
Қайырсыз байдан қайнатқан су артық.
***
Жаңа байығаннан қарыз алма.
***
Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.
***
Байға құл болғанша,
Байғұсқа ұл бол.
***
Ескі бай аяншақ келер,
Жаңа бай мақтаншақ келер.
***
Бай союға қозы таппай,
Жарлының жалғыз қозысын сұрайды.
***
Бай қасына барып бақыр болмасаң, маған кел,
Хан қасына барып, басыңды алмаса, маған кел.
***
Бай бауырын танымас.
Сауда досқа қарамас.
***
Бай кісі жарлы болса,
Бетін қоюға жер таба алмас.
***
Бай бастас, кедей мұңдас.
***
Бай балпаң,
Жарлы қалтаң.
***
Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.
***
Байды құдай ұрайын десе,
Жортуыл бастайды.
***
Төреге ерген ер-тоқымын арқалар.
***
Қойды құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді.
***
Төре аяғы маймақ,
Төбе басы қаймақ.
***
Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екеніңді табағыңнан танимын.
***
Төре тайғақ болса,
Бітіп болмас.
Төбе тайғақ болса,
Шығып болмас.
***
Жаман төре жан алар.
***
Бай байға құяды, сай сайға құяды.
Сурет ғаламтордан алынған
Ж. FM