Қысқа жіп күрмеуге келмейді.
***
Жарлының жалғыз қозысын қасқыр жейді.
***
Жоққа тұз да қат.
***
Жарлының аузы аққа тисе,
Мұрны қанайды.
***
Байды өркөкіректік өлтірер.
***
Жарлы кісі жаманар,
Жаманар да, қуанар.
***
Ұры байымас,
Сұқ семірмес.
***
Сорлыға сорпа да жетпейді.
***
Жарлы атқа мінсе, «Қайдан алды» дер,
Бай атқа мінсе, « Құтты болсын» дер.
***
Құлан құдыққа құласа,
Құлағына құрбаққа ойнайды.
***
Не жоқ болса, сол қат.
***
Қазаншының еркі бар,
Қайдан құлақ шығарса.
***
Жеген аз, жегізген көп.
***
Күштіге тәңір жоқ.
***
Екі ұштыны бір күшті қосады.
***
Кеме келгенде,
Қайық судан шығады.
***
Көргенді көптеген жеңеді.
***
Асың барда ел таны,
Атың барда жер таны.
***
Етігі жаман төрге шыға алмас,
Жеңі жаман ас іше алмас.
***
Аллаңнан ойбайым тыныш.
***
Байдан пайда құтылмас.
***
Өзі тойса да, көзі тоймайды.
***
Әулие қасындағысын қолтықтайды.
***
Мың күн жұмақтан, бір күн тірлік артық.
***
Алыстағы әулиеден,
Жақындағы машайық артық.
***
Сен құдайға жеткенше,
Мен үйге жетем.
***
Қарғыстан кісі қлмейді.
***
Құр алғыс азық болмайды.
***
Алла бермегенді, молда бермейді.
***
Қарғаннан құр қалар.
***
Жын соққаннан, мың соққан жаман.
***
Байдың мыңын көрмей,
Жалғыздың жалғызын көреді.
***
Хан еріксе, қара халық ханның ойыншығы болады.
***
Әр ханның тұсында,
Бір сұрқылтай.