- Негізгі бет
- Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар
- Ұрлық, ұят, ынсап,...
Ұрлық, ұят, ынсап, пейіл туралы
Ұрлық, ұрлықтың түбі қорлық.
***
Атақты ұры аштан өледі.
***
Ұры түн асқанша,
Қасқыр дөң асқанша.
***
Ұры – қарынның серігі.
***
Ұрыға мал құтаймас.
***
Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды.
***
Сезікті секіреді.
***
Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.
***
Жортуылшының басы жолда қалады.
***
Елін сатып асаған,
Екі күн ғана жасаған.
***
Ұры өле өлгенше ақпын дейді.
***
Ұрысы күшті болса, иесі өлер.
***
Қолағышы күшті болса,
Киіз қазық жерге кірер.
***
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
***
Әркім сүйгеніне сәлем береді.
***
Інгенімді қараймын деп,
Мінгенімнен айырылдым.
***
Бір аяқ қымыздың, екі аяқ желі болды.
***
Ұялған сыбағасының құр қалар.
***
Мысқыл, мысқылдың түбі мүшкіл.
***
Жаманға жалынғанша,
Жат та жаныңды қарман.
***
Ашыққаннан, құныққан жаман.
***
Жуастан жуан шығады.
***
Тышқан ініне ене алмай жүріп,
Құйрығына қалжуыр байлайды.
***
Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазар.
***
Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайды.
***
Жарамасақтанған ит жатқанша таяқ жейді.
***
Жуас түйе жүндеуге жақсы.
***
Біреудің атанына дегені,
Өзінің ботасына көрінер.
***
Сенің атың тұра тұрсын,
Менің атым жүре тұрсын.
***
Ақкөңілді адамға, біреудің сырқаты да батады.
***
Жорғалымен жолдас болма, жолда қаларсың.
***
Пайдасы жоқ бардан без,
Панасы жоқ сайдан без.
***
Басым бар деп топтанба,
Малым бар деп мақтанба.
***
Өзі тоймағаннан сарқыт дәметпе.
***
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
***
Жүре берсең, көре бересің,
Көре берсең, көне бересің.
***
Көрпеңе қарап көсіл.
***
Аттан айырылсаң да,
Ер тоқымнан айырылма.
***
Алтын ерің атқа батса,
Алтынын алда отқа жақ.
***
Бар болса аспа, жоқ болса саспа.
***
Үйіңе келгенге, үйдей өкпеңді айтпа.
***
Қарақұрт жеп қой семіреді,
Қансоқта жеп ит семіреді,
Пара жеп би семіреді.
***
Жарлылық ұят емес, байлық мұрат емес.
***
Жарлылығын жасырған байымас.
***
Жоққа тары ботқа болмас,
Ботқа болса, жұртқа болмас.