Тойған үйге тоғыз бар.
***
Шақырған жерден қалма,
Шақырмаған жерге барма.
***
Асаған білмес,
Тураған білер.
***
Ас иесінің әлі біледі,
Асатушының қолы біледі,
***
Алты жасар бала алыстан келсе,
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
***
Барымен базар, жоқты қайдан қазар.
***
Пышағы бар сүйгенін жер,
Пышағы жоқ тигенін жер.
***
Құр қасық ауыз жыртар.
***
Күн жазға айналды,
Ет азға айналды.
***
Құс жаманы шажа,
Дос жаманы бажа.
***
Келіншектің бетін кім бұрын ашса, сол ыстық.
***
Келгенше, қонақ ұялар,
Келіп болған соң, үй іші ұялар.
***
Қонақ атаңнан да ұлы.
***
Қонақ құдайдың еркесі.
***
Қонақ аз отырып,
Көп сынайды.
***
Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
***
Тас түскен жеріне ауыр
***
Қонақ қойдан да жуас,
Май берсе де жей береді.
***
Қонақ бір күн қонса құт,
Екі күн қонса жұт.
***
Қонақ жаман болса,
Үй иесі қыдырар.
Үй иесі жаман болса,
Қонақ қыдырар.
***
Қонақ келсе, ет пісер,
Ет піспесе, бет пісер.
***
Қонағым, өз үйіңді де ойлай отыр.
***
Қонаққа «Кел» демек бар,
«Кет» демек жоқ.
***
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
***
Тойдың болғанынан, боладысы қызық.
***
Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар.
***
Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.
***
Тойға барсаң, тойып бар.
***
Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан жаңа.
***
Заманына қарай амалы.
***
Заманына қарай заңы,
Тоғайына қарай аңы.
***
Заманы бірдің амалы бір.
***
Жасы құрдас, құрдас емес,
Заманы бір құрдас.
***
Мың «сіз-біз» ден
Бір шыж-мыж артық.
Форумда талқылау
Сурет informatica.ucoz.kz сайтынан алынған