- Негізгі бет
- Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар
- Салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы...
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы мақал-мәтелдер (I бөлім)
Сыпайының сыры мол.
***
Қолыңмен істегеңді,
Мойныңмен көтер.
***
Алған бір жазықты.
Алдырған екі жазықты.
***
Аққа қара жұқпайды.
***
Ұсынған мойынды алмас кеспес.
***
Естіген құлаққа жазық жоқ.
***
Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.
***
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
***
Жорғаң қатты болса, бәске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.
***
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.
***
Орамал тонға жарамаса да,
Жолға жарайды.
***
Ас көп болса, кәде көп.
***
Жігіттің бір жұрты нағашысы.
***
Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.
***
Қостың кішісі болғанша,
Иттің күшігі бол.
***
Қотыр қолға қола сақина.
***
Үлкен үйдегі күлсе,
Кіші үйдегі езу тартады.
***
Ел-елдің заңы басқа,
Иті қара-қасқа.
***
Нағашымен күрессе,
Жиені жығылар.
***
Жек көргеннің жұмысын, кетерінде сұра.
Жақсы көргеннің жұмысын, келгеніңде сұра.
***
Сақтағанын жесе, сағынғаны келер.
***
Ескерген ескі асынан сақтайды.
***
Берген қолым алған.
***
Сұрап бергенше,
Соғып бер.
***
Соймаса қан шықпайды,
Құр тілден май шықпайды.
***
Ет жемесе де, сорпа ішкендей болды.
***
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
***
Ет дегенде бет жоқ.
***
Тойган тамақ түске жетпес,
Ықьшас естен кетпес.
***
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақниетіңе тойғыз.
***
Барым әзір, жоғым жай.
***
Ас иесімен тәтті.
***
Досыңның асын, қасыңдай іш.
***
Амандық ағадан.
Форумда талқылау
Сурет: kandastar.com