- Негізгі бет
- Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар
- Отан, Туған жер,...
Отан, Туған жер, ел-халық туралы
Ел мен жер егіз.
***
Ел іші алтын бесік.
***
Жері байдың елі бай.
***
Отан – қуат,
Отбасы – шуақ.
***
Есің барда елің тап.
***
Көп ел – сарқылмас көл.
***
Көп ісінде береке.
***
Егемен елдің еңсесі биік.
***
Көп өайда болса – құдай сонда.
***
Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей.
***
Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.
***
Көп түкірсе – көл бола
***
Көп біріксе – ел болар,
Көп тілегі көл болар.
***
Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
***
Көп жабылса жоқ табылады.
***
Көп ауызы дуалы.
***
Көп адаспас, көл таусылмас.
***
Көп тілесе алар,
Күн бұлттанса жауар.
***
Көппен көргеннің арманы жоқ.
***
Көп қорқытады, терең батырады.
***
Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,
Көптің жоғы жоғалса табылады.
***
Көп дауыс қосылса,
Бір дауысты жоқ қылады.
***
Көптен қоян қашып құтылмас.
***
Көп білсең де, көптен артық білмейсің.
***
Көппен тентек болсаң да,
Көпке тентек болма.
***
Көптен шыққан көмусіз қалады.
***
Адассаң көппен адас.
***
Көпке топырақ шашпа.
***
Халық айтса қалып айтпайды.
***
Халық сөзі қаһарлы.
***
Ерден аспақ болса да,
Елден аспақ жоқ.
***
Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз болмас.
***
Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.
***
Данышпан айтса, ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.
***
Кемеңгер кеңес таппай қоймас.
***
Талайлымен таласпа.
***
Сумен ойнама батарсың,
Отпен ойнама жанарсың.
***
Шықпаған егіннен жер бүлінеді,
Олақ бастықтан ел бүлінеді.
***
Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.
***
Көп толқыса ер құлайды,
Көл толқыса жар құлайды.
***
Елің – панаң,
Жерің – анаң.
***
Өз елің өзекке теппес.
***
Ауылым – алтын бесігім.
***
Көш басшысы жоқ ел оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.
***
Өзбек өз ағам.
***
Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.
***
Жері байдың – елі бай.
***
Қазақтың осы жер дегені, көш жер.
***
Ақбөкенді жатыр деме,
Көшпелі елді отыр деме.
***
Елдестірмек – елшіден.
***
Елде бір тентек жүрмей ме.
***
Елу жылда ел жаңа.
Жүз жылда қазан.
***
Қырықтың бірі қыдыр.
***
Ел жасымен көрікті,
Тау тасымен көрікті,
Аяқ асымен көрікті.
***
Ер – жалғыз,
Ел – көп.
***
Өз елің – алтын бесік.
***
Елдің күші елу батпан.
***
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
***
Елде болса ерінге тиер,
Ауылда болса, ауызға тиер.
***
Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе.
***
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
***
Өз еліңнің иті де қадірлі.
***
Туған жердің түтіні де тәтті.
***
Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.
***
Адалдық үшін арыдым деме.
***
Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды.
***
Кеңеспен кескентон келте болмас.
***
Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырларсың.
***
Туған жерің түсіңе кіреді.
***
Өз елім – өлең төсегім.
***
Сарала қаз көлін сағынар.
***
Жеріне қарай жемісі.
***
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайынның тасы болайын.
***
Ел қариясы – ел қазынасы.
***
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
***
Құлан кісінесе үйір жиналар.
***
Отан - оттан да ыстық.
***
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
Сурет kaliolla.com сайтынан алынған.