Қырағылық пен сақтық туралы (I Бөлім)

Қырағылық пен сақтық туралы (I Бөлім)

Батыр бір өледі,

Қорқақ мың өледі.

***

Қазанның күйесі жұғады,

Ақымақтың бәлесі жұғады.

***

Жау жағадан алғанда, бөрі етіктен.

***

Сезікті секемшіл.

***

Етікшіге жолама – бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе.

***

Ақырын жүрсең – малаяқ,

Қатты жүрсең – қу аяқ.

***

Айла алтау, ақыл жетеу.

***

Жыланның уы басында болады,

Бейғамның жауы қасында болады.

***

Сақтықта қорлық жоқ.

***

Алдыңа бір қарасаң,

Артыңа бес қара.

***

Сол көзіңе, оң көзің қарауыл болсын.

***

Саяқ жүрсең сақтан.

***

Кезенген жаудың кезінен сақтан,

Сойқандының сөзінен сақтан.

***

Аузы күйген үріп ішеді.

***

Жаман айтпай жақсы жоқ.

***

Қауіп қайдан болса, қатер содан.

***

Сауысқаннан сақ бол.

***

Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.

***

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтан.

***

Аузың толған қан болса да,

Дұшпанның алдына төкпе.

***

Бәледен машайық  қашқан.

***

Шөлмек мың күн сынбайды, бір күн сынады.

***

Жазым болса, быламыққа тіс сынар.

Ж. FM