Тәрбие – тәлімнен.
***
Өнегелі отаудың өрісі кең.
***
Келіні жақсының керегесі алтын.
***
Сүйіктің жоқта дүние суық.
***
Баталы сөз – балаға азық.
***
Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
***
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
***
Алып – анадан,
Ат – биеден.
***
Екі жақсы қосылса,
Ай мен Күндей жарасар.
***
Екі жаман қосылса,
Ырылдасып таласар.
***
Елуінде – ер дана,
Елуінде – ел жаңа.
***
Туысы бірге кетпейді,
Түбі бірге түтпейді.
***
Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
***
Ағайынды жігіттің отарында малы бар,
Жалғыз – жарым жігіттің шығыр – шықпас жаны бар.
***
Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Көп ақылдының інісі бол.
***
Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.
***
Ағайын – ағайынның айнасы.
***
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпаса одан жат жуық.
***
Үйдің жылы – суығын қыс түскенде білерсің,
Кімнің жақын – алысын іс түскендн білерсің.
***
Жыласуға көз жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
***
Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.
***
Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл болады.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл болады.
***
Тумаң туысқандай болмайды,
Тұрман құйысқандай болмайды.
***
Туысы жақын жақын емес,
Қонысы жақын жақын.
***
Жақыныңды жаттай сыйла,
Жат жанынан түңілсін.
***
Қай қолыңды кессең де,
Жанға батуы бірдей.
***
Арық деген жаман тай,
Жазға шығып ат болар.
***
Жамандығың сезілсе,
Жақын кісі жат болар.
***
Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанаса бар.
***
Ағайында алтау болсаң адам тимейді,
Тура жүрсең, лебізің күймейді.
***
Жеткіншектей айырылған,
Жер таянбай тұрмайды.
***
Көлденең кісі көңілге қарамайды.
***
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
***
Сыйынғанныңнан сүйенгенің күшті болсын.
***
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
***
Мыңнан жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.
***
Бір көрген біліс,
Екі көрген таныс.
***
Келер кезек, терме тезек.
***
Көрмесе жат, көріспесе ұят.
***
Айға жетпес асыңды,
Ауылдастан аяма.
Форумда талқылау
Сурет kaliolla.com сайтынан алынған