Ат шаппайды, бап шабады.
***
Жорытар аттың тоғы игі.
***
Саумал ішсең, қымыз жоқ,
Байтал мінсең, құлын жоқ.
***
Күйсіз көлік жүгірмес.
***
Атты күнде мінсең — тулақ,
Аптада мінсең - қунақ,
Айына мінсең — ат,
Жылына мінсең — тұлпар.
***
Түйе баласы төре баласы.
***
Түйе байлық, жылқы мырзалық.
***
Көтерем деп түйеден безбе,
Салтанатың емес пе,
Тебеген деп биеден безбе,
Қос қанатың емес пе.
***
Тайдың мінгені білінбес,
Баланың жүгіргені білінбес.
***
Қоныс ақысын түйе қайтарады.
***
Түйе өлген жерде жүк қалады.
***
Нар ботасын қарпып сүйеді.
***
Ақсақ түйенің аузына,
Жел айдаған қаңбақ түсер.
***
Түйе қашып жүктен құтылмас.
***
Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен табарсың.
***
Түйенің үлкені көпірден таяқ жер.
***
Жебір түйе жабуын жер.
***
Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан,
Қой бермейді қорадан.
***
Қойдың сүті - қорғасын.
***
Қойдың іші - береке,
Жылқының іші — мереке.
***
Ешкі сойғанның екі малы бар:
Мүйізі пышағына сап,
Терісі балаңа жарғақ.
***
Тоқсан қабат торқадан,
Тоқтышағым терісі артық.
***
Семіздікті қой көтереді.
***
Ешкіні құдай ұрарында,
Қойшының таяғына сүйкенер.
***
Күн батса қойға соқпақ табылады.
***
Кәрі қойдың басы піскенше,
Тоқты қойдың басының арсасы шығады.
***
Ақсақ қой жатып семіреді.
***
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
***
Тоқты күз болмай,
Қойға қосылмайды.
***
Қой семізі қойшыдан.
***
Қой тілегі - амандық,
Бөрі тілегі - жамандық.
***
Сүтсіз қой маңырауық.
***
Өгіз өлгенше өседі.
***
Сиыр су ішкенде,
Бұзау мұз жалайды.
***
Сиыр сауған шөлдемес.
***
Бас білген өгізге,
«Өк» деген өлімнің қарабасы.
***
Сүзеген сиырға құдай мүйіз бермейді.
***
Сиыр өз тілінен қыршаңқы болады.
***
Есектің еті арам, күші адал.
***
Есек барға саналса да,
Малға саналмайды.
***
Есектің жүгі жеңіл болса,
Жатаған болады.
***
Есек мінген еңбегін мінер.
***
Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды.
***
Қой егіз туса, шөп басы айыр шығады.
***
Түйенің тынығаны жапырақ,
***
Малды іріктемесең, тұқымы азады,
Қонысты жаңаламасаң, өрісі тозады.
***
Ай-айдың аты басқа,
Аяқты малдың өрісі басқа.
***
Жылқының көркі құйрық,
Үйдің көркі мүлік.
***
Тағасының күмісіне мақтанба,
Атыңның жүрісіне мақтан.
***
Өріске мал жарасады, Атқа жал жарасады.
Форумда талқылау
Сурет kerekinfo.kz сайтынан алынған