Басы
Мал аяған аттан құр,
Төл аяған ақтан құр.
***
Сауып ішсең мың күндік,
Сойып ішсең бір күндік.
***
Малды қыс құмға,
Жаз шымға айда.
***
Кесімді малға өсім бар.
***
Қарағайға сүйеніп тал өсер,
Басқа сүйеніп мал өсер.
***
Ат аяған жерге қарар,
Құс аяған көкке қарар.
***
Ұлдының ұрты өседі,
Малдың сырты өседі.
***
Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса егін өспейді.
***
Алтай баққан арықты,
Бір күн ұрынған өлтірер.
***
Үйірі басқаны ноқта қосар.
***
Жабу астыңда жал қалады,
Жал қалмаса жан қалады.
***
Түзде бұзауы жамырағанның,
Үйде айраны төгілер.
***
Ер қанаты — ат.
***
Ат қадірін білмесең,
Жаяушылық көрерсің.
Ас қадірін білмесең,
Ашаршьшық көрерсің.
***
Үш бие бұлақ басы,
Екі бие ел асы,
Бір бие жоқтың қасы.
***
Жақсы ат жанға серік,
Жақсы ит малға серік.
***
Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді.
***
Тай атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
***
Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз ердің айласы көп.
***
Жылқы — малдың патшасы,
Түйе — малдың қасқасы.
***
Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
***
Жолға салсаң — жорға,
Жонға салсаң - жүйрік.
***
Атының сыры иесіне мәлім.
***
Алдыңғы айылдың батқанын,
Иесі білмес ат білер.
***
Арық атқа қамшы ауыр.
***
Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.
***
Жалғыз шапқан ат жүйрік.
***
Жаман жасаққа жарамайды,
Желінсау қосаққа жарамайды.
***
Қара арғымақ арыса,
Қарға адым жер мұң болар.
***
Тістейтін жылқы тісін көрсетпес.
***
Көбең мініс көтермейді,
Мәстек жүріс көтермейді.
***
Қасқа айғырдың баласы төбел туады.
***
Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас.
***
Атты ақысын жаяуға жібермейді.
***
Ат сүрінбей жер танымас,
Ер сүрінбей ел танымас.
***
Тай тулап үйірінен шықпас.
***
Құрық тимес құлын жоқ,
Қырықтың тимес қозы жоқ.
***
Жылқыны шұбырған тауысар,
Етті қуырған тауысар.
***
Арық атқа қамшы үйір,
Жыртық үйге тамшы үйір.
***
Атсыздың атасының құны кетеді.
***
Жақсы аттың тісін ашпа.
***
Жылқыны бөгелек аздырар,
Ешкіні кебенек аздырар.
***
Көшің көрнекті болсын десең,
Көлігің күтімді болсын.
***
Жылқының етін жесең тісіңе кіреді,
Жемесең түсіңе кіреді.
***
Арықты мінгенше аяғыңа мін.
***
Аттың аты үлкен,
Түйенің табаны үлкен.
Форумда талқылау
Сурет bsh.kz сайтынан алынған