- Негізгі бет
- Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар
- Еңбек – байлық,...
Еңбек – байлық, кәсіп – нәсіп туралы Үшінші бөлім
Арзанның жілігі татымас.
***
Саудада достық жоқ.
***
Бал ұстаған бармағын жалайды.
***
Жалқау жатып бұйырады.
***
Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.
***
Еңбексіз жалқау еріншек,
Көрінгеннен тілемсек.
***
Арсызға алты күн мейрам.
***
Жалқау дәлелшіл келеді,
Жасқаншақ жыламсақ келеді.
***
Еңбек – ердің көркі,
Ер – елдің көркі.
***
Еңбексіз құраған дәулет,
Емсіз жабықсан дертпен тең.
***
Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен,
Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен.
***
Құр сөз қоңылтақ етік,
Жүрсең аяғыңды қажайды,
Отырсаң тобығыңа батады.
***
Еңбекке үйренем десең, ерінбе,
Өнерге үйренем десең, жерінбе.
***
Еңбексіз ауырма, емі табылмайды,
Есалаң жетіссе, теңі табылмайды.
***
Кімнің ісі көп болса,
Соның күші көп.
***
Мың қайғы, бір борышты өтемейді.
***
Өгіздің отын оттап,
Бұзаудың орнына жатпа.
***
Отырам деп, еріншек өлер,
Кісіге жақсылық қылам деп, көңілшек.
***
Саудың асын ішіп,
Аурудың сөзін сөйлейді.
***
Ұйқыда ұят жоқ.
***
Тек жүрсең тоқ жүресің,
Қыдырма болсаң көп жүресің.
***
Өтірік сөз өрге баспас.
***
Әңгіме бұзау емізер,
Бұзау таяқ жегізер.
***
Өтірікшінің жаны күйер,
Ұрлықшының малы күйер.
***
Көсеуі қысқаның қолы күйер.
***
Қолымен қосаяқ соқпайды,
Аузымен орақ орады.
***
Құрғақ сөз – бас ауыртар,
Құрғақ қасық – ауыз жыртар.
***
Жел болмай шөп басы қозғалмас.
***
Тілге шешен, күшке мешел.
***
Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады.
***
Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.
***
Еңбек етсең емерсің.
***
Есің барда, етек жап.
***
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
***
Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты жерге бақ тұрар.
***
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Сурет egov.kz сайтынан алынған