Адам өмірі туралы

Өлімнен басқаның ертесі жақсы.

***

Ұйқы жастық сұрамайды.

***

Біреуге өлім тілегенше

Өзіңе өмір тіле.

***

Көшемін деп отыныңды тауыспа,

Өлемін деп азығыңды таусыпа.

***

Балалық шағы – патшаның тағы.

***

Жас – кәрінің көзі,

Кәрі – жастың тезі.

***

Бала соққан кездіктің басы жарық.

***

Көп қарттың ішінде бір бала дана болар,

Көп баланың ішінде бір қарт бала болар.

***

Қарты бар үйдің құты бар.

Кәрінің бары игі.

***

Есік алды төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең.

***

Ауылыңда қартың болса,

Жазып қоған хатпен тең.

***

Кәрісі кімнің бар болса,

Хаты соның қолында.

***

Көп жасаған көмбенің үстінен шығар.

***

Бүркіт қартайса тышқаншыл болады.

***

Кәрілік  - дауасыз дерт.

***

Жастыққа да кәрілік бар,

Байлыққа да жарылық бар.

***

Жастық – желік.

***

Көңіл қартаймас, көз қартаяр.

***

Кәрілік сені қайтейін,

Сөйлер сөзге мерт ерттің.

***

Әкесі құрдастың, баласы құрдас.

***

Кәрі білгенді пері білмес.

***

Сексен дегенше, жермен жексен де.

***

Адам өзінен кейінгілерді көріп қартаяды.

***

Соқырдың тілегіні екі көз.

***

Туа мүкіс жазылмас.

***

Соқыр ұстағаннан айырмайды.

***

Ұлы бардың – ұрпағы бар.

***

Соқырға күн де қараңғы, түн де қараңғы.

***

Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды.

Форумда талқылау

Сурет: vk.com