- Негізгі бет
- Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар
- Адалдық, адамгершілік, достық,...
Адалдық, адамгершілік, достық, ізгілік, ынтымақ туралы (II бөлім)
Болымсыздан үлгі шықпас,
Көңілсізден күлкі шықпас.
***
Жақсы көрер тамырдың,
Атын алма, тайын ал.
***
Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.
***
Көзден кетсе, көңілден кетеді.
***
Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.
***
Ауыз ашса, сыр көрінеді,
Есік ашса өр көрінеді.
***
Көңіл – қазы, көз – таразы.
***
Қорыққан мен қуанған бірдей.
***
Көңіл – сөздің сандығы.
***
Көз – бұлақ,
Көңіл – сынап.
***
Адам құлақтан азады,
Көңілден семіреді.
***
Арымақ, семірмек көңілден.
***
Көңіл жетсе бәрі жетер.
***
Кісінің көзіне көзің түссе, мейірімді түседі.
***
Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.
***
Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.
***
Жігіт жолдасынан белгілі.
***
Ақпейілдің аты арымайды,
Тоны тозбайды.
***
Өзі тордың иығы да зор.
***
Кең пейілді кем болмас.
***
Жасында қылжың болсаң,
Қартайғанда мылжың боларсың.
***
Санасызға сан айтсаң да болмайды.
***
Есер ақылы түстен кейін кіреді.
***
Сараңның өз малы өзіне бұйырмайды.
***
Ауру кетеді, мінез кетпейді.
***
Жығылған сүрінгенге күледі.
***
Жыртық тесікке күледі.
***
Басқа түссе, баспақшыл.
***
Ақымақтың сөзі ақау татыр.
***
Ақымақ бұзуға бар,
Түзеуге жоқ.
Сурет kaliolla.com сайтынан алынған
Ж. FM