- Негізгі бет
- Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар
- Адалдық, адамгершілік, достық,...
Адалдық, адамгершілік, достық, ізгілік, ынтымақ туралы (I бөлім)
Адалдық – ардың ісі.
***
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
***
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
***
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
***
Асылдың бірі – адалдық.
***
Арқанды ат қазынасына оралар.
***
Жүз сом ақшаң болғанша,
Жүз жолдасың болсын.
***
Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.
***
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
***
Жолдастың мыңын алма, бірін ал.
***
Дос бергенінің түсіне қарама.
***
Дос досқа жалынса,
Достың көңілі алынады.
***
Дос, досқа зыянкер емес,
Зыянкер болса, дос емес.
***
Соймасымды соямын,
Сүйгенімнің көңілі үшін.
***
Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.
***
Жаңа дос келгенде,
Ескі достың көзінен жас шығады.
***
Жолдасыңның жоғын қарас:
Табылса жоғына жақсы,
Табылмаса көңіліне жақсы.
***
Кісімен дос болма, дос болсаң,
Қимасына көңіл салма.
***
Доспен дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
***
Досқа келсең босқа келме.
***
Тәуір көрген досыңа,
Тәуір көрген малың бер.
***
Көре-көре сүйінсін;
Жаман көреген досыңа,
Жаман көрген малың бер,
Көре-көре күйінсін.
***
Дос басқа қарар,
Дұшпан аяққа қарар.
***
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
***
Мал көтерер өлімді,
Дос көтерер көңілді.
***
Қажымалы мың жолдас, жоқпен тең,
Жанын қиған бір жолдас, көппен тең.
***
Жолдасың соқыр болса,
Бір көзіңді қысып отыр.
***
Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман.
***
Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.
***
Ет бергендей досың болсын,
Жер бергендей қосың болсын.
***
Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар.
***
Досқа ат берме,
Ат берсең, жай жүр деме.
***
Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады.
***
Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.
***
Сүйек тамыр сүйенісіп күн көреді,
Ауыз тамыр айтысып артығын алады.
***
Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Дос арасын ашқанның обалы бар.
***
Екі кісі қағысса,
Бір кісіге орын бар.
***
Екі аяқтыдан құрдас тату,
Төрт аяқтыдан бота тату.
***
Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.