Воскобоева жекелей сында жеңіліс тапты

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Лондон Олимпиада ойындарының жекелей сынында жеңіліс тапты деп хабарлайды Массагет.кз.

Галина Воскобоева венгер теннисшісі Тимее Бабошпен кездескен болатын. 40 минутқа созылған алғашқы сетте Воскобоева 4:6 есебімен ұтылып, ауа райының қолайсыздығына байланысты үзіліске кетуге мәжбүр болды.

Ұзақ үзілістен кейін болған сетте де 27 жасар отандық теннис шебері, өкінішке орай, жеңіліс тапты. Бар болғаны 27 минутқа созылған сетте Галина қарсыластың шабуылына төтеп бере алмай 2:6 есебімен аяқтады. 

Айта кетсек, Галина Воскобоева жеке сында айтарлықтай нәтиже көрсете алмағанымен Олимпиада ойындарында жұптық теннисте өнер көрсетуді жалғастырады. Оның жұбы Ярослава Шведова. Бүгін қазақстандық қос теннисші жарыстың алғашқы айналымында канадалық Стефани Дюбуа мен Александр Вознякпен кездесіп, қарсыластарынан барлық компаненттер бойынша басым түскен болатын. Енді қазақстандық жұп келесі айналымда Ресей мен Польша құрамаларының теннисшілері Надежда Петрова мен Мария Кириленко, Алисия Росольски және Клаудии Янс-Игначик жұптарының арасындағы жеңімпазбен кездеспек.

 Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: alinajidkova.com