Винокуров қоржынға алғашқы алтынды салды

Сүйінші! "Астана" командасының велошабандозы Александр Винокуров топтық бәсекеде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылып, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салып берді. 

248 километр қашықтыққа созылған жарыс жолының соңғы кезеңінде тізгін басын босатқан отандасымыз мәре сызығын бірінші болып кесті.

Айта кетейік, мәреге жетер соңғы бел-белесте сан ұлттың намысын жырта келген велошабандаздар байқаусызда соқтығысқан болатын. Бақытқа орай, 39 жастағы шабандоз айналып кете алды.

Алысқа созылған ұзақ жолда мәре сызығын екінші болып колумбиялық Ригоберто Уран кесті. Ал норвегиялық Александр Кристоф қола жүлдеге қол жеткізді.

Сурет:fanatik.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт