Ерлер арасындағы 1000 метрге байдаркамен жұптық ескек есу жарысы өз мәресіне жетті.
Қазақстандық Алексей Дергунов/ Евгений Алексеев жұбы мәре сызығын 3:14.867 минутта кесіп өтіп, 11-орыннан ғана көріне алды.
1000 метрге жарыста венгриялық Рудольф Домби/Роланд Кокень жұбы өз елдерінің қоржынына бесінші алтынды салды. Олар берілген қашықтықты 3.09,646 минутта кесіп өтті.
Ал екінші орын португалиялық жұп Фернандо Пимента/Эмануэль Силва жұбына бұйырса (3.09,699), қола жүлдені Германиядан келген Мартин Холльштайн мен Андреас Иле жұбы иеленді (3.10,117 минут).
Сурет:vesti.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт