Үздігіміз 1/16-дан ары аса алмады

Үздігіміз 1/16-дан ары аса алмады

Англияның бас қаласы Лондонда Олимпиада ойындарында семсерлесуден ерлер арасындағы жарыс жалғасуда. Қазақстандық сапышы Элмир Алимжанов 1/8 айналымына өте алмады деп хабарлайды Массагет.кз.

Осы сында бақ сынаған қазақстандық сапышыға Оңтүстік Корея елінің өкілі Жинсин Жунг қарсы тұрды. 

Семсерлесудің алғашқы бөлігінде қазақстандық спортшыға дәлдік жетіспеді есеcіне 28 жасар корей сапышы бірнеше нәтижелі шабуыл жасап, 15:8 есебімен алға шықты. Кездесудің екінші периодында қазақстанның үздік шпажисті намысқа тырысып, есеп айыра бастады, алайда кәріс жігіті дер кезінде ойынды қолына алып жекпе-жекті 6:5 есебімен аяқтады. Қорытынды есеп 8:15. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM