Қазақстандық жеңіл атлетшілеріміз Евгений Эктов пен Роман Валиев үш секіріп қарғудан финалдық кезеңге жолдама ала алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.
Іріктек кезеңінде 25 жастағы керекулік Евгений 16,31 метрге секіріп, 19-орынға табан тіреген. Ал 26 жастағы Роман 16,23 метрге қол жеткізіп, 21-орыннан көріне алды.
Айта кететін болсақ, іріктеу айналымында америкалық Кристиан Тэйлор ең үздік көрсеткішке қол жеткізді (17,21 метр).
Ерлер арасында өтетін жарыстың осы түрі 9 тамыз күні өтетін болады.
Сурет:vesti.kz
Дайындаған: Ғани Тұрғынбек