- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Үш секіріп қарғу...
Үш секіріп қарғу спортының финалында қазақстандықтар өнер көрсетпейді
Қазақстандық жеңіл атлетшілеріміз Евгений Эктов пен Роман Валиев үш секіріп қарғудан финалдық кезеңге жолдама ала алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.
Іріктек кезеңінде 25 жастағы керекулік Евгений 16,31 метрге секіріп, 19-орынға табан тіреген. Ал 26 жастағы Роман 16,23 метрге қол жеткізіп, 21-орыннан көріне алды.
Айта кететін болсақ, іріктеу айналымында америкалық Кристиан Тэйлор ең үздік көрсеткішке қол жеткізді (17,21 метр).
Ерлер арасында өтетін жарыстың осы түрі 9 тамыз күні өтетін болады.
Сурет:vesti.kz
Дайындаған: Ғани Тұрғынбек
Л. Лига